Ақтөбеде бірнеше мектептің бухгалтерлері 22 миллион теңгені жымқырған
2023 жылы Ақтөбе мектептеріндегі бухгалтерлер бюджет қаражатын жымқырған. Осылайша мемлекеттік бюджетке 22 миллион теңгеден астам шығын келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық прокуратура ұрлық фактілерін мектептерде тексеріс жүргізгенде анықтаған.
"Жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу фактілері де анықталды", – делінген хабарламада.
Барлық құқық бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі “Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп алу немесе иемдену” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажет сараптамалар тағайындалды.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген