Ақтөбеде бухгалтер 400 миллион теңге жымқырған мектепте сегіз жылда тексеріс жүргізілмеген
Ақтөбеде лудоман бухгалтер жұмыс істеген мектепте 8 жылға жуық уақыт мемлекеттік аудит бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Диапазон
№55 мектептің бұрынғы бухгалтері 8 жылға жуық уақыт ішінде 413 миллион теңгены ұрлап, құмар ойынға салып жібергені белгілі болды. Ұрлығы үшін ол 7 жылға сотталған.
Іс резонанс тудырды. Судья Әлиева бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлауға әкеп соқтырған себептерді анықтады.
2019-2023 жылдар аралығында №55 мектепте бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын мемлекеттік аудит анықтамаған. Сондай-ақ 8 жылға жуық мемлекеттік аудит бұл оқу орнында бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген.
Сот мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін шара қолдануды талап етіп, қаржы министрлігіне жеке қаулы шығарды.
Бұған дейін Ақтөбеде 400 миллион жымқырған лудоман мектеп бухгалтері сотталғаны айтылды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен