Ақтөбеде бір тәулікте төрт бозбала суға батып кетті: Олардың екеуі ағайындылар
Ақтөбеде бір тәулікте төрт адам суға батып кетті. Олардың екеуі ағайындылар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеп.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, профилактикалық іс-шараларға қарамастан, өткен тәуліктің өзінде қалада төрт адам суға батып, көз жұмды.
19 шілде күні 102 нөміріне кәмелетке толмаған, 15 және 18 жастағы екі баланың Өрлеу елді мекені ауданында Елек өзеніне батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті. Қаза болғандар туған ағайындар.
Сол күні Набережная көшесі ауданында Елек өзеніне 19 және 20 жастағы жігіттер жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды