Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде балалар ауруханасында туберкулездің ашық формасына шалдыққан медбике жұмыс істеген

Ақтөбедегі балалар ауруханасында туберкулездің ашық формасымен ауыратын медбике жұмыс істеген. Енді 700-ден аса бала тексеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

аурухана сток

Фото: pixabay.com

Аталған деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Мекеме қызметкерінен инфекция анықталған соң, 700-ден аса бала мен 55 әріптесін тексермек. 

"Медицина қызметкерлерінің барлығы флюорографиядан өтіп, қажетті талдамаларды тапсырды. Әзірге ештеңе анықталмады, бірақ қайта тексерістен өтеді. Медбикенің өзі 2024 жылдың мамырынан қыркүйекке дейін үш рет түрлі диагноз (ЖРВИ, пневмония) қойылған. Жансақтау бөлімінде медбике болып жұмыс істеді. Соңғы рет тексерілгенде ашық формадағы туберкулез анықталды", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Ведомство мәліметіне сәйкес медбикемен барлығы 700-ден аса бала байланыста болған. Енді туберкулез жұқтыру дерегін анықтау үшін олардың барлығы сараптама тапсырады. 

Талқылау