Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 5 және 6 жастағы екі бала суға батып кетті

Ақтөбе облысында екі кішкентай бала суға батып кетті, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға туралы 12 мамырда хабарланды. Бес және алты жастағы екі бала Ақтөбе қаласынан алыс емес жерде орналасқан Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғала өзеніне батып кетті.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағының сүңгуірлері мен төтенше жағдайлар министрлігінің психологтері аттанды. Ауыл тұрғындары 5 жасар баланың денесін судан өздері шығарып алды.

Белгілі болғандай, балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Құтқарушылар екінші баланың денесін жағадан үш шақырым жерде, жеті метр тереңдіктен шығарды.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды судағы қауіп туралы ескертуге және оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Ақтөбе облысында бес адам суға батып кетті, оның үшеуі ересек, екеуі жас бала.


СҚО-да екі айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды

Талқылау