AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да екі айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні болған.

"Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы сағат 8.05-те Бәйтерек ауылында 30 наурыз күні туған сәбидің қаза болғаны жайында хабар түскен. Тәртіп сақшылары сәбиді қарау кезінде ешқандай дене жарақатын көрмеген. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді полиция департаментінде.

Сараптамада "Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі" деп қорытынды шығарды.

Шетінеген сәбидің анасы 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні ол таңғы сағат 5.00 шамасында оянып, баласын емізгенін айтты. Кейін ұйықтатып, өзі де ұйықтаған. Таңертең сағат 7.30 шамасында оянған ол баласының демалмай жатқанын көрген. Туыстары бірден фельдшер шақырған. 

Қазір осы дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс жан-жақты қаралып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр