Қазақстанда 19 жастағы жігіт автобусқа өзінің QR-кодын жабыстырып, жол ақысын алып отырған
Ақтөбеде 19 жастағы жігіт қоғамдық көлік үшін ақы төлегендердің ақшасын өзіне басып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
19 жастағы жігіт принтер арқылы өзінің QR-кодын шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып қойған. Осылайша жолаушылардың жол ақысы жігіттің шотына түсіп отырған. Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар