Алматыда жақындары кішкентай баланы автобуста ұмытып кеткен
Алматыда автобустардың бірінде әлдекімдер баласын тастап кеткен. Видео желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода баланы аялдамалда полиция қызметкеріне тапсырып, оны патрульдік көлікке отырғызып жатқаны көрсетілген.
Автобус жүргізушісі полицейге хабарласқан, баланың туыстары олардың артынан келе жатқанын мәлімдеді.
Алматы полиция департаменті баланың аман екенін және жақындарына тапсырылғанын хабарлады.
"Ата-анасы бірнеше минутта табылды. Баланы алып кетті. Бәрі жақсы", – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”