Ақтөбе тұрғыны түнгі клубтың төртінші қабатынан құлап кетті
Ақтөбелік тұрғын түнгі клубтың төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты.
Ойнап тұрып оқыста бар салмағымен төменге қарай ауып кетеді. Төртінші қабаттан құлаған тұрғын қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр.
“Түнгі клубтардың бірінде төртінші қабаттан құлап, дене жарақатын алды. Қазір Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы қазіргі таңда анықталуда”, – дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді