Ақтөбе тұрғыны пирамидалардың алданған салымшыларынан көмектесемін деп ақша алған
Ақтөбе облысының 1986 жылы туған тұрғыны "Голд" ЖШС-нің қаржы пирамидасына салынған ақшаны қайтаруға көмек беремін деп екі адамды алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"20 ақпанда 1986 жылы туған ақтөбелік азамат қаржы пирамидаларына салынған ақша қаражатын қайтару мақсатында Ақтөбе тұрғынынан 1,35 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алды. Әйел тек маусымда ғана полицияға жүгінді", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сол күні ер адам тағы бір алаяқтық жасаған. Батыс-2 шағын ауданында тұрып, ол "Голд" ЖШС-не салынған ақша қаражатын қайтаруға көмектесемін деп Кеңқияқ ауылының тұрғынынан 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алды. Бұл әйел де тек маусымда полицияға жүгінді.
Фактілер бойынша ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар