Ақтөбе тұрғындары есігі скотчпен жапсырылған автобустармен қатынауға мәжбүр
Ақтөбе тұрғындары қала билігінен өздерін қорлауды тоқтатуларын сұрады. Айтуларынша, олар қақаған аязда аялдамада 45 минут автобус күтіп, адам толы әрі суық қоғамдық көлікпен қатынауға мәжбүр, деп хабарлайды aktobetimes.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Ауыл әкімінің Благодарный ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде тұрғындар қоғамдық көліктерге шағымданды.
«Мен 29-бағыттағы автобус туралы айтпақпын. Қызым күнде аталған автобуспен қатынайды. Сенбі күні таңертең автобусты 50 минут күткен. Кешке тағы осынша уақыт күтуіне тура келіпті. Автобустар жоқ. Автобус келген күннің өзінде, адамға лық толы. Кондуторлары шығып: «Таксимен жетіңдер», – дейді. 30 адам автобусқа отыра алмай қалады. Шағын автоустар шығарылған. Таңертең сағат 6:00-дан 9:00-ға дейінгі уақытта адамдар ауруханаға, оқуға, жұмысқа барғанда немесе олар кешке қайтқанда неге үлкен автобус шығармасқа? Неге «Автопарк» қызметіне салғырт қарайды? Бердібек Машбекұлы, 29-бағыттағы автобусты бақылауыңызға алыңыз! Әйтпесе, ештеңе өзгермейді», – дейді Благодарный ауылдық округінде тұратын еңбек ардагері.
Еңбек ардагерінің сөзін өзге де ауыл тұрғындары қолдады.
«Дүйсенбі күні жұмыс бойынша Қарғалы ауылына баруым керек болды. Жүргізушіден бүгін желіде нақты қанша автобус бар екенін сұрадым. Ол кезде 34 градус аяз болды. Мен автобусты 45 минут күттім. Келген автобус іші адамға лық толы әрі суық. Есіктеріне скотч жапсырылған. Оның үстіне толық жабылмайды. Неліктен жолаушыларға апатты жағдайдағы «ПАЗ» автобустары қызмет көрсетіп келеді?» – дейді ауыл тұрғыны Украинка Мустафина.
Ал жергілікті билік өткен жылы бюджеттен бөлінген ақшаға 40 жаңа «ЛиАЗ» сатып алғандарын, алайда мәселе мұнымен шешілмей тұрғанын айтты.
«Мұндағы басты мәселе – «Автопарк» 2015 жылы байқауды 7 жылға ұтып алған. Қазіргі уақытта көптеген шағымдар бар. Сіздер айтақндай, олардан барлық автобус бағыттарын тартып алып, қуып шығуға болады. Алайда «Автопаркті» ауыстыру үшін, бізге кемінде 200 автобус керек», – дейді қала әкімі Ілияс Испанов.
Қала басшысы қалада 52 автобус бағыты бар екенін айтты. Байқау құжаттамасы бойынша, күнделікті 465 автобус қатынау керек. Алайда олардың бұзылып қалуы мұншама қоғамдық көліктің қатынауына мүмкіндік бермей отырған көрінеді.
«Өткен аптада «Автопаркті» тексердік. Олардың шамамен 140 автобусы жөндеуде тұр. Қазіргі уақытта заңбұзушылық жасаған «Автопарк» және «ПАТП» ЖШС-іне қатысты сот жүзінде нақты шаралар қолдану үшін қуыным дайындалып жатыр», – дейді Ілияс Испанов.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбе облысында кәсіпкер асабаның ұялы телефонын қолды қылған
Нумеролог болжамы: Ақпан айында қазақстандықтарды не күтеді?
Ақтөбеде жүкті кезінде подъездерді паналап келген әйел сәбиінен бас тартты
Қарағанды облысында екі жасар бала қақап тұрған аязда әжесін балконға қамап қойған