Ақтөбе облысында шетелдік студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды

Актөбе облысында шетелдік студенттен ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол студенттермен танысып, кейін оларды қорқыту арқылы ақша мен мүліктерін алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше 28 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, арнайы жасақтың көмегімен ақша табысталғаннан кейін ұсталды.
"Шамамен 10 күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олар қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде бірге уақыт өткізген. Бір күні топта кафенің шотын төлеуге ақша болмаған кезде, күдікті студенттердің бірін қорқытып, оны ұялы телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Бірнеше күннен кейін ер адам бопсалау арқылы шетелдік азаматтан тағы да 50 мың теңге алған", – делінген ведомство хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған
Оқыңыз