Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында мешіт имамы әйел теолог тапшы деген желеумен келіншегін қызметке алған

Ақтөбе облысының Темір ауданында жат ағымда жүрген 468 адам бар. Олардың 199-ы әйел. Ауданда жат ағымда жүрген әйелдермен жұмыстар жүргізіле бастады.

«Бізде осыған дейін әйел теолог болмай қиындық туып келген. Имамның әйелін теолог ретінде алғанымызға бір айдан аса уақыт болды. Бүркеніп жүретін  199 адаммен жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған дейін әйел теолог болмағаннан кейін олармен жұмыс жасай алмадық. Әзірге 12 адаммен жеке кездесу өтті. Нәтиже болады деп отырмыз», — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мади Шүйіншалин.

Ауданда бір жыл бұрын жат ағым өкілдерінің саны 500- ден асқан. Мамандар үздіксіз жұмыс жасаудың нәтижесінде 30-дан аса адамды түзу жолға бұрғандарын хабарлады, деп хабарлайды  Aktobenews.kz.

Сонымен қатар, Темір ауданында қоғамда өзекті болып тұрған оқушының орамал мәселесі әлі шешілген жоқ. Ауданда мектепке орамал тағып келген 74 баламен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысының тұрғыны пойызда босанып қалды

Сайқымазақ бетпердесін киіп адам өлтірген қылмыскер 27 жылдан соң ұсталды

Өскеменде тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр