Ақтөбе облысының тұрғындары қарлы боранда тұрып қалғандарға нанды 1300 теңгеден сатқан
Облыс орталығы Хромтау маңында алты автобус ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойды. Жалпы саны 80 адам екі тәулік тамақсыз қалды. Арасында балалар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қарлы боранда жолда қалған адамдардың Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғандықтан, Хромтау мен Қарабұтақ ауылы маңында көліктер жиналып қалған.
"ҚазАвтоЖол" қызметкерлерінің айтуынша, күннің бірінші жартысында жолда 1000-нан астам жүк көлігі мен 400-ге жуық жеңіл көлік жиналды. Олар ауа райының жақсаруын күткен. Сондай сәтте жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары көлік жүргізушілеріне нанды 1300 теңгеден сатқан. Алайда шенеуніктер мұндай бағаның болуы мүмкін емес екенін айтады”, – делінген хабарламада.
6 ақпан күні сағат 15:00-де көлік қозғалысы қайта жанданды. Жолда қалған адамдарға азық-түлік жеткіземіз деп шыққан еріктілер оқиға орнына әрең жеткен.
“Олар жолда екі күн қалып қойғанын, балалардың нәр татпағанын айтты. Тамақ та, су да жоқ. Жақын маңда бірде-бір жанармай бекеті де, дүкен де жоқ. Кептеліс болғандықтан әрең жеттік. Жолды тек жеңіл көліктер үшін ашыпты. Сол себепті көліктер көп болды. Біз екі сағатта жеттік. Балалар қуанышын жасыра алмады, ата-аналары алғыс білдірді”, – дейді ерікті Екатерина Голотина.