Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында жүк көліктерін жол бойына тастап кеткен жүргізушілер сүйретуден бас тартып жатыр

Ақтөбе облысындағы тас жолдарда төтенше жағдай орын алуда. Ауыр жүк көліктері жолдың ортасында суықта тоқтап қалған. Көліктерін жөндеуге шамасы келмеген көп адамдар темір тұлпарларын жолдың бойында қалдырып кетіп жатыр. Ал бұл кептеліс тудырған. Жүргізушілердің көпшілігі көліктерін сүйреп апарудан бас тартуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

жук колиги

Болып жатқан оқиғаға қатысты пікір білдірген жүргізушілердің бірі ауыр жүк артылған көліктердің тежеуіші әлсіз екенін айтады.

“Көлікті сүйреуге рұқсат бере алмаймын. Себебі оған ауыр жүк артылған ал тежеуіші әлсіз. Тіпті ешкім сүйреуге келіспейді деп ойлаймын. Келіскен жағдайда да дөңгелектері тозып, сырғанай кетеді. Ал оның бағасы арзан тұрмайды”, – дейді жолда қалған жүргізуші.

Жол жұмысшыларының айтуынша, жүк тасушылар дөңгелектерінің зақымдануынан қорқады. Бірақ олар қыстың ортасында не себепті шегесі бар дөңгелектерсіз және жазға дизель отынымен шыққанын түсіндіре алмайды.

"ҚазАвтоЖол" негізінен жүргізушілердің Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия азаматтары екенін айтады. Бірақ олардың арасында қазақ жүргізушілер де көп. Жүргізушілердің қауiпсiздiгi үшiн бiр күнi Қарабұтақ кентiнен Қостанайға дейiнгi жол учаскесiнде дизель отынын пайдаланатын жүк және қоғамдық көлiктер қозғалысына шектеу қойылды. 13 желтоқсан күні таңертең шектеу алынып тасталды.



Ресми мәлімет бойынша, әлі де жол жиегінде 30-дан астам жүк көлігі тұр. Олардың жүргізушілері жылу пункттерінде ауа райының жақсаруын күтіп отыр.

“Ауыр жүк көлігі жүргізушілері жазғы дизельдік отынмен және жазғы дөңгелектермен жүреді. Соның салдарынан кей жерлерде кептеліс орын алған. Кептеліс орын алған жерлерде полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, көлік қозғалысын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Күні кеше ғана облыста түрлі себептермен ақаулардың салдарынан 57 жүк көлігі жол жиегінде және республикалық маңызы бар тас жолдардың жиектерінде тұрып қалды”, – деп түсіндіреді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе филиалының бөлім басшысы Нұрлан Нұрғали.

Талқылау