Ақтөбе облысында жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Фото: “ҚазАвтоЖол” АҚ
Ақтөбе облысында тас жолда төрт адам жол апатынан қаза тауып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылы маңындағы тас жол учаскесінде болған.
Мәліметке сәйкес, Toyota Alphard жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Төрт адам қаза тауып, үшеуі түрлі дене жарақаттарын алды.
"Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде жол жамылғысы асфальтобетон, жол бөлімі тегіс екені анықталды. Бұл учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті жол белгілері орнатылған және жылдамдық 40 км/сағ дейін шектелген", – делінген "ҚазАвтоЖол" АҚ хабарламасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар