Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында су ағыны өткелді шайып кетті: Елді мекенмен көлік қатынасы жабық

Ақтөбе облысындағы Ойыл ауылында еріген су ағыны өзен арқылы өтетін уақытша өткелді шайып кетті. Салдарынан елді мекенмен көлік қатынасы жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бұл жерде өткен жылы су тасқынынан көпір шайылып кеткен. Кейін оның орнына өту үшін Ойыл өзенінің өткелі тұрғызылған. Алайда осы уақытқа дейін көпір қайта қалпына келтірілмеген. Ал өткелді еріген су қайта шайып кетті. 

Жеті мыңға жуық адам тұратын елді мекенмен көлік қатынасы жабық. Өзен жағасында полицейлер кезекшілік етуде.



"Өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен негізгі көпір жөндеуге жабылды. Одан бір шақырым жерде тұрғындардың қозғалысы үшін уақытша жаппай өткел салынды. Бүгін өзеннен еріген су бұл өткелді басып қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Менің ойымша, қозғалыс бір күн ішінде қайта басталады", – аудан әкімі Асқар Қазыбаев хабарлады.

Еске салсақ, былтыр еліміздің бірнеше облысы мен аймақтарында су тасқыны болып, тұрғындар баспаналары мен мал-мүкінен айырылған еді. Биыл 8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кіріп отыр. 

 

Талқылау