Ақтөбе облысында мұнай-газ сұйыққоймасы өртенді (видео)
8 қаңтар күні кешкі уақытта Ақтөбе облысы, Жаңажол поселкесінде мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Оның көлемі үш мың куб метр болған-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс жағдай Жаңажол мұнай-газ кешенінің аумағында болды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Резервуар ішінде су мен мұнай болған.
Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен өрт сөндірудің 35 қызметкері жұмылдырылды.
Сондай-ақ, қосымша Ақтөбе қаласынан 25 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілді.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі