Ақтөбе облысында мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратып тастаған
Мектеп оқушылары зираттағы бейіттерді қиратып кеткен. Нәтижесінде олардың ата-аналары бүлінген ескерткіштер үшін жарты миллионнан астам теңге төлеуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexels.com
Оқиға Ақтөбе облысы, Темір ауданына қарасты ауылда болған. Бірнеше мектеп оқушылары зиратты аралап, бейіттерді қиратып кеткен. Олар кәмелет жасына толмағандықтан әкімшілік сот олардың ата-аналарын қылмыс жасады деп айыптады.
Төрт ата-анаға бала тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айып тағылып, әрқайсысына 24 мың 150 теңге айыппұл салынды. Кейінірек жергілікті тұрғын бұл ата-аналарды сотқа беріп, келтірілген шығынды өтеуді талап етті. Себебі балалар тұрғынның әкесі мен анасының бейітін бүлдірген.
Іс бітімгершілікпен аяқталып, тараптар медиациялық келісімге келіп, сотталушылар ағымдағы жылдың соңына дейін 572 мың теңге материалдық шығынды өтеуге келіскен.
Талқылау
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді
Әйел бұған дейін тағы бір АҚШ азаматымен отбасын құрғаны және оған да физикалық күш қолданғаны жөнінде дерек бар
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең