Ақтөбе облысында көршісінің иті тоғыз жасар баланы талап тастады
Оқиға Ақтөбе облысы, Құрайлы ауылында тапа-тал түсте болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, бала үйдің жанында ойнап жүргенде көршісінің иті босап кетіп, оған қарай ұмтылған.
Анасының айтуынша, оқиғадан кейін балаға жедел жәрдем шақырылып, учаскелік полиция қызметкері келген. Әйелдің айтуынша, көршісі қарт және жалғыз тұрады. Оқиға кезінде ол үйде болмаған.
“Көршіміз бірден емделуге ақша аударды. Ұлының жағдайы қанағаттанарлық, құтыруға қарсы екпе алады. Бәрі қалпына келеді деп үміттенемін”, – деді зардап шегушінің анасы.
Полиция департаменті ит иесіне ит ұстау ережесін бұзып, адам денсаулығына зиян келтіргені үшін 30 630 теңге айыппұл салынғанын хабарлады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі