Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында әйел мас күйеуінің қоқан-лоқысынан кейін оны пышақтап тастаған

Ақтөбе облысында әйел мас күйеуінің ашуынан қорқып, оны пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылында 47 жастағы ауыл тұрғыны күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Оқиға болған күні кешке ол күйеуімен шарап ішіп, кешкі ас әзірлеп, кенже ұлын ұйықтатқанын айтты.

“Күйеуімнен жатуын өтіндім, тиісуін қоймаса, үлкен ұлымды шақырамын, сонымен бірге анама кетемін деп айттым. Үлкен ұлым басқа некеден. Ол “ұлың бірдеңе деп көрсін, ішегін бұрап тастайтын” деп айтты. Содан соң шалбарымды жыртып, өлтіремін деп қорқытты. Сол кезде ашуланып, оған пышақ сұға бастадым”, – деді әйел.

Ол күйеуіне неше рет пышақ салғанын білмейді. Бәрі ашу үстінде кенет болды дейді.

“Шошып кеттім, қанды көргенде не істегенімді түсіндім, күйеуім жедел жәрдем шақыруды өтінді. Есік ішінен кілтпен жабылған, оны таппағасын терезе арқылы сыртқа шықтым. Менің өтінішім бойынша көршім жедел жәрдем мен полиция шақыртты”, – деді әйел.

Сотталушы күйеуінің ашушаң, агрессивті болғанын, жиі ішімдік ішіп, жанжал шығаратынын, тіпті күш көрсетіп, қорқытқанын айтты. Әйел оның ашуын одан әрі тудырмас үшін полицияға жүгінбепті.

Марқұмның әпкесі сотта келіні туралы жаман ештеңе айта алмайтынын, оның бұл әрекетін түсінетінін айтты. Келінін шартты түрде соттауды сұраған. 

“Ағамның үйіне барғанда, келінімнің денесі көгеріп, ісіп жүргенін көрдім. Мұны ағам істегенін түсіндім, бірақ ол “құлап қалдым” деп айта салды. Мен келінімді түсінемін және кінәламаймын, оған ешқандай шағымым жоқ, оны шартты түрде соттауды сұраймын", – деді ол.

Сот күйеуін өлтірген әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың ортақ ұлын әжесі қамқорлыққа алды.

Талқылау