Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 5,5 млрд теңгеге орнатылған бейнекамералар екі жылдан бері істемей тұр

Ақтөбе облысында қауіпсіздік бақылау үшін орнатылған бейнекамералар екі жылдан бері істемей тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Құны бес жарым миллиард теңгеге бағаланған жоба жарты жолда тоқтап қалған.

Әу баста Ақтөбе облысына екі жарым мың бейнекамера орнату жоспарланған. Шенеуніктер Ақтөбе қаласы мен алты аудан орталығының және үш ауылдың қуыс-қуысына дейін бақылаймыз деп жоспарлаған. Ол үшін облыс бюджетінен ақша да бөлінген. Камералар бағаналарға қондырылып басталғанымен, кейін ол іске қосылмай қалды. Тендерге қатысқан компаниялар арасында дау туып, бірін-бірі сотқа беріпті. Соның кесірінен жұмыс тоқтап қалды дейді әкімдіктегілер.


Алматыда “Сергек” камераларынан бюджетке 27 млрд қаржы түскен


Бес жарым миллиардтың бейнебақылау камерасына қатысты іс бүгін жоғарғы сотта қаралып, ақыры дауға нүкте қойылды. Енді тендерді алғашқы ұтқан мердігер жұмысын жалғастырмақ.

“Жоғары сот осы істі қарап, бірінші қараған сот шешімін дұрыс деп шешіп отыр. Ал одан соң шешім шығарған Шымкент қаласының сот коллегиясын құптамады. Енді тендерді алғаш жеңген мердігер техникалық талаптарға сай, белгіленген уақытта бейнекамераларды толық қондырып, іске қосуы керек”, – деді Ақтөбе облысы цифрлы технология басқармасының басшысы Әсет Отарбаев.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің барлық қаласында жасанды интеллект арқылы бақылайтын жаңа бейнекамералар орнатылатыны туралы жазған едік. 

Талқылау