Ақтөбе маңында өртеніп кеткен үш баланың анасына тұрғындар 5 миллионннан астам қаражат жинап берді
Ақтөбе маңында үш баласы мен күйеуі жол апатынан қаза тапқан анаға аудан тұрғындары бес миллион теңгеден астам қаржы жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.

Өткен жылы Светлананың күйеуі Руслан отбасына жеке үй сатып алған. Сол жылы отбасы Светлананың ауруы туралы біледі. Оған тоқ ішек қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Әйел бірнеше ота мен химиотерапия курстарынан өткен.
Еске салайық, жан түршігерлік апат сенбі, 19 ақпан күні болған еді. Жеңіл көлік басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққы жүргізушіні көліктен шығарып жіберді. Ал оның үш баласы салонда қалып, көлік өртеніп кеткен. Кейін балалардың әкесі де ауруханада көз жұмды.
Болжам бойынша, көлікте газ қондырғысы жарылған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі