Ақтөбе қаласының әкімі лауызымын әлдекімдер 1,5 мллион долларға "сатпақ" болған - ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Ақтөбе қаласының әкімі лауазымы үшін әлдекімдердің 1,5 миллион доллар талап еткенін мәлімдеді. Бұл туралы ҰҚК-нің 30 жылдығына орай жарияланған деректі фильмде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Азаматтар қорқынышты ысырып қойып, өздерін лауазымыды шенеуніктердің көмекшісіміз деп таныстыратын болған. Тіпті сол арқылы олар мемлекеттік органда жоғары қызметке орналастыруға уәде беріп, қомақты қаражат талап еткен. Мәселен, Ақтөбе қаласының әкімі лауазымы үшін 1,5 миллион доллар сұраған. Мұндай адамдар 30 миллион теңге аванс алып жатқан жерлерінен ұсталды”, – дейді комитет қызметкерлері.
Айта кетсек, 2022 жылы 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай комитет жұмыс жайлы деректі фильм жарық көрді.
Фильм кейіпкерлері ретінде ҰҚК қызметкерлері өз аумақтарында қызмет ету ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Деректі фильмді мына сілтеме бойынша көруге болады.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”