Ақтөбе әуежайы су тасқынына байланысты жабылды
Ақтөбе әуежайы су тасқынына байланысты жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Ақтөбе Таймс
Бұл туралы "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиев мәлімдеді.
“Ақтөбе әуежайының аумағын еріген су басуына байланысты әуежай сағат 06.30-дан 17.00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылды”, – делінген хабарламада.
Әуежай жабылған кезде мына рейстер кешіктірілгені хабарланды:
SCAT/DV496/ Ыстамбұл - Ақтөбе;
SCAT/DV1722/ Ақтөбе - Астана;
FLYARYSTAN/KC7191/ Алматы - Ақтөбе;
FLYARYSTAN/KC7192/ Ақтөбе - Алматы;
QAZAQ AIR/IQ399/ Астана - Ақтөбе;
QAZAQ AIR/IQ395/ Ақтөбе - Атырау;
- Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
- Қостанай облысында еріген қар суы бірнеше тұрғын үйді басып қалды
QAZAQ AIR/IQ396 Атырау - Ақтөбе;
QAZAQ AIR/IQ400 Ақтөбе - Астана;
AIR ASTANA/KC863/ Алматы - Ақтөбе;
AIR ASTANA/KC864/ Ақтөбе – Алматы;
SCAT/DV5263/ Шарм – Эш – Шейх – Ақтөбе;
SCAT/DV5264/ Ақтөбе - Шарм – Эш – Шейх;
SCAT/DV721/ Астана - Ақтөбе;
SCAT/DV722/ Ақтөбе – Астана.
Бұған дейін Ақтөбе облысын су басқаны хабарланған. Тасқынға көрші өңірден көмекке келіп жатқаны жазылған.