Актер Рамазан Амантай қызды болды
Актер, ақын әрі сазгер Рамазан Амантай алғаш рет әке атанды. Оның жары Гүлфару 2 сәуір күні қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жас отбасын продюсер Нұрлан Қоянбаев құттықтады. "Бауы берік болсын", – деп жазба қалдырды ол Instagram-да.
Айта кетейік, Рамазан Амантай көпшілікке "Бизнес по-казахски" фильміндегі Еркоштың образында танылды. Көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, оның кейіпкеріне арнап Қоянбаев бөлек фильм түсірді.
Қазақстандағы тұңғыш I go to School спин-офф фильмі наурыз айында көрерменге жол тартқан болатын. Онда Рамазанмен бірге басты рөлді үнді актрисасы Авика Гор (Ананди) сомдаған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар