Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды

Блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің сұрауы бойынша іске қатысты ақпаратты жария етті.
“Бүгінде Н.Жақсыген үстінен 2 баппен 2 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы және 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша із қозғалды. Біз адвокатым екеуміз бұл істерде сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады!” – деп жазды ол.

Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы – “Сталкинг” (аңду немесе ізіне түсу) бойынша 50 тәулікке қамалуы жазасы, ал 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы, яғни “Көрінеу жалған ақпарат тарату” қылмысы үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.
Әзірге құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
"Түрің малға ұқсайды": Актер Нұрсұлтан Жақсыген оқырманына тіл тигізді
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Алмасқызы экс-күйеуі Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен арыз түсірмек екенін айтқаны хабарланған еді.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады