Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болғаннан кейін марапатқа ие болды

Актер Фархат Әбдірайымов IX халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер кинофестиваліне қосқан ерекше үлесі үшін қайтыс болғаннан кейін марапатқа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы оның балалары Instagram желісінде хабарлады.

Фархат Әбдірайымов талай рет бұл шараның қазылар алқасының мүшесі болды. Көптеген қазақстандық жас кинематографистер кинодағы шығармашылық жолын осы жерден бастады.

Оның "Халық әртісі" немесе "Еңбек сіңірген әртіс" деген мемлекеттік атақтары болмағанымен, ол әрқашан мейірімділіктің, табандылық пен әділеттің үлгісі болды.

“Сондықтан біз ерекше толқыныспен әкеміздің "Отандық кинематографияның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін" берген сыйлығын алдық. Шараны ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, фестиваль президенті Әзімов Сергей Жұмабайұлына құрмет пен сүйіспеншілік үшін алғыс айтамыз”, – деді актердің балалары. 

2021 жылы 21 мамырда 56 жасында танымал қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов Грузияда түсірілім алаңында инфарктан қайтыс болды.


Талқылау