Актер Дулыға Ақмолда: Ұлым болмаған соң әйелім тоқал алуға рұқсат берді
Биыл ердің жасы 50-ге толатын кино және театр актері «Ең алғашқы» бағдарламасында өткеніне үңіліп, өнер жолына қалай келгенін, арасында адасып, ащы суды ермек еткенін бүкпесіз баяндады. Кино және театр актері тоқал алуға қатысты өз ойымен бөлісті. Бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған талантты актердің отбасына ұл бала дүниеге келген, алайда нәресте күйінде шетінеп кеткен.
Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында қонақ болды.
«Бір адамдай ішіп көрдік, дәмін таттық. Соның кесірінен бүлдірген жерлеріміз де көп болды. Тірнектеп жиған абыройымызды етектеп шашқан кездеріміз де болды. Оны да жасырмаймын», - дейді актер.
Алайда ата-анасының, бауырларының көмегімен арақты тастаған Дулыға Ақмолда бүгінде мұны өнер иелеріне мүлдем керек емес, зиянды әдет санайды.
«Оны кезінде еркелік деп те ойладық. Алайда бұл адамның өзін-өзі алдауы, содан көмек іздегендей тәуелділік екен оның барлығы. Оның үстіне, өнер адамы үшін мұның қажетсіз нәрсе екенін мен түсіндім. Әке-шешем, бауырларым арақты тастап кетуіме, қоюыма көп себепкер болды. Енді ішкенде, түбін түсіріп, құлап жаттым деп айта алмаймын. Бірақ біраз дос болғанымыз рас», - дейді Дулыға Ақмолда.
- Дулыға Ақмолда: Назарбаев 50 мың доллар көрімдік берді, оған театр актерлері бір-бірден үй алдық
- Жақында ұлынан айырылған Ермахан Ибраимовке тоқалы қыз туып берді
Кино және театр актері тоқал алуға қатысты өз ойымен бөлісті.
Бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған талантты актердің отбасына ұл бала дүниеге келген, алайда нәресте күйінде шетінеп кеткен.
«Әйелім Айгүл егер қажет болатын болса, мен саған өз рұқсатымды берем деген. Бірақ оның өзінің сәті, жөні, жолы болуы керек. Ойбай, маған ұл бала керек екен деп, үйлене салуға болмайды. Ұрпақ үшін деп, ұйып отырған отбасының берекесін кетіруге болмайды. Оған үлкен жауапкершілікпен, қадаммен бару керек. Тоқал алу менің дәл бүгінгі жоспарымда жоқ, алайда Алла сәтін салып жатса. Ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Әйелім рұқсат берсе, болды міне алам деуден аулақпын. Өйткені, мен үшін отбасым қымбат. Қыз балаға деген әкенің көңіл болуы ерекше, оны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардан қымбат мен үшін ешнәрсе жоқ. Сондықтан әзір мен ондай қадамға дайын емеспін», - деп ағынан жарылды актер.