AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов: Назарбаевтың 50 мың доллар көрімдігіне театр актерлеріне үй алып бердім

Кино және театр актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұңғышбай Жаманқұлов спектакль арқылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қалай тәнті еткені жайлы айтты. 

Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды.

90-жылдары Әуезов театрына басшы болып тағайындалған Тұңғышбай Жаманқұлов қиын кездерде жас актерлерді қалай баспаналы қылғанын айтып берді.

«Сол кездерде Әуезов театрына басшы болып тағайындалдым. 90-жылдар өте бір қиын кездер еді. Сол кезде мен барлық мүмкіндіктерімді пайдаланып, Әуезов театрындағы жастарға үй алып беруге білек шеше кірістім. Солардың ішінде Дулыға да бар. Бірде біздің спектакльге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Біздің қойған спектаклімізді көріп, өте қатты риза болды да, көрімдік беріп кетті. Ол 50 мың доллар болатын. Соған түгелдей он шақты пәтер сатып алдым да, бүкіл коллективке бір-бір айлықтан елбасымыздың берген сүйіншісінен сыйақы жасадым», - деп өткенді еске алды ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Бұған қоса, кино және театр әртісі Дулыға Ақмолда Тұңғышбай Жаманқұлов шәкірті болғаны жайлы айтып берді. Сөзінше, Ерлан Біләл, Асылбек Боранбаевпен бірге Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасына оқуға түскен. Ауылдан келсе де, аса аңғал емес, көзінде ойы бар жіңішкелеу келген жас жігіт Тұңғышбай Жаманқұловтың көзіне бірден түседі. Сабаққа тыңғылықты дайындықпен келетін үштікті ұстаздары Тұңғышбай Жаманқұлов «моя великолепная тройка» деп атапты. Үшеуі де оқуды қызыл дипломмен бітіріп, 3-курста М. Әуезов атындағы драма театрға жұмысқа қабылданған.


Актер Дулыға Ақмолда: Ұлым болмаған соң әйелім тоқал алуға рұқсат берді

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр