Актер Данияр Алшынов отбасын құрды
Танымал актер Данияр Алшынов бойдақтықпен қош айтысты. Ол Ажар Күнболат есімді модельге үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірер күн бұрын Ажардың ұзату тойы болып өткен. Қалыңдықты Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай ұзатты. Ол жас жұбайлардың ортақ досы көрінеді.
"Құттықтауларыңызға рахмет. Айтпақшы, бұл үйлену той емес, ұзату той. Үйлену тойымыз әлі алда", – деп бөлісті Данияр Алшын.
Ал Данияр мен Ажар осыдан бір жыл бұрын Грузияда танысқан көрінеді.
"Біз барлығымыз өткен жылдың қазан айында Грузияда таныстық. Қызық, бірақ саяхатқа деген махаббат өмірді түбегейлі өзгертеді. Сол кезде Грузияға бармасақ, қазір осы жерде тұрмас едік", – деді жас жұбайлардың ортақ досы.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған