Ақтаулық ұстаз шәкірттері үшін Англияның оқу грантынан бас тартты
25 жастағы Жігер Телеуханов есімді азамат Англия университетінен ұтып алған оқу грантынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inaktau.kz порталына сілтеме жасап.

Жігердің айтуынша ол өзінің оқушыларын қимаған.
"Менің өз міндеттерім бар. Мен үшін үлгі тұтарлық азаматтар, еліміздің нағыз патриоттары - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Абай Құнанбайұлы болып саналады. Олар өздері өмір сүрген уақытта жастардың сауатты болуына көңіл бөлген. Біздің олардан қай жеріміз кем? Біз ата-бабаларымыздың мұратын жалғастыруысыз қажет", - дейді жас педагог.
Лицейдегі ұстаз жасынан қарамастан өз ортасының сыйлы азаматы екен. Бос кезінде Жігер Телеуханов семинарлар өткізіп, қандай әдебиет оқу керектігі жайлы кеңес беріп, тәжірибесімен бөліседі.
Ақтаулық ұстаз полиглот көрінеді: ол жеті тілде сөйлей алады. Ол - Алматыдағы Қазақ Ұлттық университінің түлегі, Англия мен Францияда білім алған. Қазір Жігер өзінің шәкірттерін химия пәнінен олимпиадаға дайындап жатыр. Ол өзі білім берген оқушыларының үздік атанатына сенімді екен.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады