Ақтаулық спортшы өзінің 1 миллион теңгесін ауылдағы спортзалға берді
Ақтаулық сопртшы, еркін күрестен әлем чемпионы Камиль Куруглиев өзінің 1 миллион теңгесін Маңғыстау облысындағы спортзалдардың біріне берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маусымда Қызылсай ауылының жас спортшылары Ақтауға келіп, еркін күрестен бірге дайындық өткізген. Сөйлесе келе жастардың дайындалуға арналған кілемдерінің де болмағанын білген. Олар каратэге арналған ескі татамиде жаттығады екен.
31 шілдеде Куруглиев еркін күрестен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жеңістен кейін алматылық қоғам қайраткері Ерлан Қожасбаев спортшыға 1 миллион теңге сыйлаған.
Бұл қаржыға чемпион күреске арналған кілем сатып алып, Қызылсай ауылындағы жас спортшыларға сыйға тартпақшы. Анықталғандай, кілемдерді жеткізіп берген.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

