Ақтаулық альбинос қыз америкалық бренд жарнамасына түсті
Ерекше түрімен танымал ақтаулық Әсел Қалағанова америкалық бренд жарнамасында басты рөлге түсті.

Ролик Randco брендінің Instagram-дағы аккаунтында пайда болды.
Әсел Қалағанова шаш күтімі өнімдері жарнамалады.
Бейнематериалда қазақстандық талантты клипмейкерлер Айсұлтан Сейітов пен Азамат Дулатовтың жұмыс істегендігі айтылды. Ролик Қазақстанда түсірілген.
«Біз өз қызымызбен мақтанамыз. Ақылды қыз!», «Айсұлтан, Азамат, өте керемет жұмыс», - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Жастығына қарамастан, Әсел қазірдің өзінде ірі брендтермен және танымал фотографтармен жұмыс істейді және сән көрсетілімдеріне қатысады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады