Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылды (видео)
3 қазанда Ақтаудағы қан орталығына қарама-қарсы жерде жол апаты болып, нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау полиция басқармасының "Сұңқар-8" патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына жеткен. Оқиға орнында Audi мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқандығы белгілі болған.
"Аталған факті бойынша анықтаушылар жұмыс істеуде", - деп атап өтті өңірдің бас полицейі, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.
Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілді, ал қалғандары Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған