Ақтауда үстіне диван құлаған адам сал болып қалды
Ақтауда 11 шағын ауданда көп қабатты үйден диван құлап, салдарынан зардап шеккен 39 жастағы ер адам әлі күнге дейін облыстық ауруханада жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал полиция қызметкерлері кінәліні іздеуді әлі де жалғастыруда. Қылмыстық іс жабылған жоқ.
Еске сала кетсек, қаңтар айында 11 шағын аудан, №41 үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамның үстіне диван құлайды.
Ер адам қатты соққы салдарынан сол жерде есінен танып қалып, жедел жәрдем алып кетеді. Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Науқасқа операция жасау үшін қаңтар айының соңында Астанадан дәрігерлер келді.
Соққыдан соң бірнеше ем-дом жасалғанымен науқас сал болып қалды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"