Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тұрғын үй кешенінің заңсыз құрылысы тоқтатылды

Ақтау қаласында 14 шағын ауданында салынып жатқан көп қабатты үйдің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

актау құрылысСурет: Ақтау тұрғынының фотомұрағаты

"Юпитер Строй" ЖШС мен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі арасында жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы талап арыз жолданды. Құрылыс жұмыстары тоқтатылды. 

14 шағын аудандағы №5 үй тұрғындарының айтуынша, іс сот органдарында қаралуда, ал тұрғын үй кешенінің құрылысы үш күннен бері жүргізіліп жатқан жоқ.

Өткен жылдың тамыз айының басында 14 ші шағын ауданның тұрғындары №4 және №5 үйлердің алдында көпқабатты тұрғын үй құрылысына келіспейтіндіктерін білдірген болатын. Олар салынған 11 қабатты үй ақыры құлап кетуі мүмкін деп қорықты.

Кейін өңірдің жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері Ақтау әкімі аппаратына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, онда ҚР жер заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды. 

Талқылау