Ақтауда суға батып кеткен ағайындыларды үшінші тәуліктен бері іздестіруде
Ақтауда құтқарушылар суға батып кеткен ағайындыларСерік Төлбай мен Еркебұлан Әбуғалиді үшінші тәуліктен бері іздестіріп жатыр. Олардың бірі 25 жаста болса, екіншісі – 10 жаста.

Хабарламада жас жігіт пен жеткіншектің 5 шілдеде су арнасына түсуге кеткені жазылған. Алайда одан кейін оларға не болғаны әлі күнге дейін белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» порталына сілтеме жасап.
Жоғалып кеткендердің туыстарының бірі Саламат Бүркітов көпшіліктен көмек сұрады.
Ол ағайындыларды іздестіру үшін сүңгуірлер, кеме, тікұшақ және іздестіруде өздігінен жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы техника керектігін айтты.
Ер адамның сөзінше, әкімдік көмек көрсетуде. Алайда жас жігіт пен оның інісін тек күндізгі уақытта іздестіріп жатқан көрінеді. Ал түнде туыстары оларды өздері іздеуге мәжбүр.
Жүздеген донор қан тапсырды: Алматыда жол апатынан жарақаттанған тағам жеткізуші көз жұмды >>>
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды