Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген 7 жасар қыз саусағынан айырылды
Сауда орталығында жарақат алған 7 жастағы қыз Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Оқыс оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қыздың қазіргі жағдайы туралы түсініктеме берді.
“Жеті жастағы қыз жаратқат алып, Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түсті. Бала саусағының жартысынан айырылған. Дәрігерлер оны сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажет медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту курсын өтіп жатыр. Қандай да бір болжам жасауға әлі ерте”, – деп мәлімдеді ведомство.
- Семейде ер адам 13 жасар қызды аңдып, артынша полицейді пышақтаған (видео)
- Алматы өгей анасы 7 жасар қызды ұрып өлтірген: Сотта жеткіншектің қайтыс болғанға дейін бірнеше жарақаты болғаны айтылды
Бұған дейін Ақтауда әйел көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болғаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған