Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда зейнеткер подъезде дәрет сындырған: Ол қалай жазаланды

Ақтаудағы көппәтерлі үйдің подъездінде дәретін сындырған ер адамның әрекеті тұрғындардың ашуына тиді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 911.aktau Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Ақтауда 5-шағын аудандағы №1 үйде лифтінің жанында дәрет сындырған қарт адамның видеосы жарияланды. Оқиға 17 мамырда болған.

“Үйдің маңында дүкен, компьютер клубы, банк, нотариус, кафе бар. Солардың дәретханасына кіруге болады ғой? Бірақ жоқ, адамдар мүлдем ойланбайды. Бұл жерде подъезді жөндеуге керек кафель бар. Ер адам соның үстіне нәжісін қалдырып кеткен. Осыдан кейін біреудің пәтеріне кіріп кетті. Ал енді оның артынан кім тазалауы керек?” – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті оның кім екенін анықтағанын хабарлады. Ол 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 434-2 бабы “Қоғамдық орындарды ластау” бойынша хаттама толтырылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл қарастырылған.

Желі қолданушылары өз болжамын жасап жатыр. Бірі ер адам әйелге қонаққа келген және оның үйіндегі дәретханаға баруға ұялған деп ақтамақ болды.

Талқылау