Ақтауда патрульдік полиция көлігі аударылып қалды
Ақтауда патрульдік полиция мінген қызметтік көлік жол апатына себепкер болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Оқыс оқиға 29 ақпан күні Ақтау халықаралық әуежайына баратын жолда орын алды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, полицияға тиесілі "Toyota Avalon" көлігі жол үстінде аударылған. Аталған жағдай бойынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікірі білдіріп, жол апатына патрульдік қызметкер кінәлі екенін атады.
Ақтау қаласына арналған 2024 жылдың Ораза кестесі
"Патрульдік полиция батальонының инспекторы көлікті басқара алмай, "Опель Астра" көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Оқиғаға кінәлілер әкімішілік жауапкершілікке тартылды", – деді ПД баспасөз қызметі.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан