Ақтауда көтермелі кран құлап кетті (видео)
Ақтауда құрылыс нысанында көтермелі кран құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 қаңтар күні сағат 15:55-те орын алған. Келіп түскен ақпарат бойынша көтермелі кран "Бәйтерек" сауда орталығына қарама-қарсы 19 ықшам-ауданындағы құрылыс нысанында құлаған.
Құлаған кран түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбада екі ер азаматтың әңгімесі естіледі. Біреуінің сөзінше, көшеде өтіп бара жатқанда көтермелі кран өз-өзінен құлай бастаған.
Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған