Ақтауда "ҚазАзот" цехының шатыры опырылып құлаған
Қала тұрғындарының айтуынша, "ҚазАзот"АҚ жақта жарылысқа ұқсас қатты дыбыс түнде болған. Кейін цехтардың бірінің шатыры құлағаны анықталды, деп Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Қауіпті аймақ қоршалып, қызметкерлерге кіруге тыйым салынған.
"Оқиға 24 шілде сағат 05:20-да болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ғимараттың шатыры ішінара құлады. Соңғы екі аптада жаңбыр жауып, қатты жел соғып тұрған. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Апаттық-құтқару қызметінің мамандары тексеріс жүргізді", – деп түсіндірді кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Компания өкілдері қызметкерлердің және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ деп сендірді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”