Ақтауда ит талаған азамат көз жұмды
Қаза болған азаматтың жеке тұлғасы жарияланған жоқ. Ер адам ит талағандықтан көп жарақат алған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 қаңтарда болды. Маңғыстау облыстық ауруханасына ер адам жеткізілді. Оның қайдан жеткізілгені белгісіз болды. Иттің талауынан денесінде жарақат ізі көп болды.
Ер адам көп қан жоғалтқандықтан ауруханада көз жұмды. Кей мәліметтерге сүйенсек, ер адам гаражды кооперативтердің біріне кіріп кеткен.
“Болжам бойынша, ер адам жеке аумаққа өтіп кеткенде оны иттер талаған”, – дейді баспасөз қызметі.
Аталған іс Ақтау полиция басқармасна тіркелді. Істі анықтау үшін барлық шаралар атқарылады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"