Ақтауда ішінде адамдар болған лифті құлап кетті (видео)
Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да "Aktau Plaza" тұрғын үй кешенінде болған. Ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлап кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар бір-біріне көмектесіп, шахтадан шыққан.
Сонымен қатар тұрғындар бұл жағдай орын алғанда лифті ішінде кішкентай балалар мен жас аналар болғанын жеткізді. Олар лифтінің істен шығуы бірінші рет емес деп шағымданады. Құрылысты салған компания лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанынан хабардар. Бірақ соған қарамастан ешқандай шара қолданбай отыр.
Сондай-ақ жаңадан салынған үйге бір жыл бұрын тұрғындар қоныстана бастаған. Бірақ олар әлі күнге дейін пәтердің құжатын ала алмай отыр. Бұдан бөлек, тұрғын үй әлі күнге көгілдір отынға қосылмаған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"