Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда хирург бір тәулікке қамау изоляторында отырып шықты

Соттың шешімі бойынша балалар хирургі Насуқан Отарғазиевті уақытша қамау изоляторында ұстады. Оған дәрігер жұмыс істейтін облыстық балалар ауруханасына келген емделушімен арада туған келіспеушілік себеп болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Жанжал маусым айының ортасында орын алған. Немересін ертіп келген әйел өздерін бірнеше сағаттатып кезекке отырғызып қоятынын айтып, ренжіген. Балалар хирургі Насуқан Отарғазиев әйелдің тыныштық сақтауын сұрапты. 

"Сол уақытта кабинетте баланы отаға дайындап жатқан едім. Әйелге сабыр сақтауын сұрадым. Өйткені бұл – аурухана және ауру балалар бар. Бірақ әйел сөзімді тыңдаған жоқ. Бір уақытта баласы кабинетіме кіріп келіп, аузына келгенін айтты. Мені басқаға теңемес бұрын, өзінің айнаға қарағаны жөн екенін айтқаным сол еді, маған шешесі екеуі тарпа бас салды. Сөйтіп полиция қызметкерлерін шақырдық. Бірақ олардың үстінен арыз жазбадым", – дейді Насуқан Отарғазиев.

Алайда, ауруханаға келген әйел дәрігердің атынан арыз тастаған. 19 маусымда дәрігерді сотқа шақырту қағазы келіпті. 

"Сотқа барған соң, әйелден кешірім сұрадым. Бірақ бір тәулік қамауда отырып шықтым. Егер кешірім сұрамасам, мені он бес тәулікке отырғызады екен", – дейді дәрігер.

Бірақ мұндай оқиға дәрігерде бұрын да болғаны анықталды.
 

Талқылау