Ақтауда екі белгісіз адам пәтерге кіріп әйелді сыммен тұншықтырып, тонап кеткен
Ақтауда белгісіз екі адам әйел мен бала тұрған пәтерге кіріп, қала тұрғынын баласының көзінше сымның бір бөлігімен тұншықтыруға тырысқан. Оқиға туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Lada.kz” порталына сілтеме жасап.
"Екі белгісіз адам көршімізді тонап кетті. Ол күйеуі жұмыста кеткен кезде үйде кішкентай баламен жалғыз болған. Ашық қалған есіктен екі ер адам кіріп, оны сыммен тұншықтырып, пәтерді тонаған. Құдайға шүкір өзі тірі қалды", - деді жәбірленушінің көршілері.
Маңғыстау облысының полиция департаменті 22 маусым күні сағат 15:25-те "102" кезекші пультіне пәтерді тонау туралы қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”