"Адамдарды аттракционнан сатымен түсірдік": Ақтауда кәсіпкерлер "Ақбота" саябағында жарықтың сөнуіне наразы
Ақтаудағы "Ақбота" паркінде кәсіпкерлер жарықтың кенеттен сөніп қалуына наразылықтарын білдіріп, әкімдік алдында жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап.

22 маусымда сағат 18:00 шамасында кәсіпкерлік нысандарында жарық кенеттен сөніп қалған.
"Ешқандай ескертусіз жарықты сөндіріп тастады. Аттракциондарла адамдар болған, оларды сатымен түсіруге мәжбүр болдық. Тоңазытқышта балмұздақ еріп жатыр. Жарықты не үшін сөндіргені түсініксіз, электр қуатына қарызымыз жоқ", – деп наразылықтарын айтты кәсіпкерлер.
Кәсіпкерлік бөліміндегілер кәсіпкерлермен кездесетінін және мән-жайды анықтауға көмектесетінін айтты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған