Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда әйелімен жанжалдасқан тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды

Маңғыстау облысында әйелін сөзбен қорлап, күш көрсеткен ер адамға қатысты сот қаулысы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жанжал

Фото: Depositphotos.com Photographee.eu

Түпқараған аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Е есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (Физикалық ауырлық келтіре отырып ұрып-соғу немесе күш көрсету, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келмеген) туралы іс қаралды.

"Сотта Саин Шапағатов ауылының тұрғыны әйелімен жанжал кезінде оны қорлап, бір қолымен мойнынан ұстап тұрғаны, яғни күш көрсеткені, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмегені анықталды", – деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот ер адамды әкімшілік жауапқа тартып, 10 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Шымкентте сот мас күйде 9 жастағы қызын зорламақ болған адамға үкім шығарды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Талқылау