Ақтауда артына пышақ жасырған ер адам жолдың ортасында төбелес шығарды
Желіде Ақтаудағы "Серебряные пески" демалыс базасының маңындағы жолда болған төбелес видеосы тарады. Онда ер адам артына пышақ жасырып, қарсыластарына шабуылдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада порталына сілтеме жасап.

Желідегі куәгерлер шілденің 30-нан 31-іне қараған түні "Серебряный пески" демалыс базасының маңындағы жолда ер адамдар арасында төбелес болғанын хабарлады.
Кадрларда төбелеске қатысушылардың бірі артына пышақты жасырып жүргені көрсетілген. Ер адам өзін тыныштандыруға тырысқан әйелді итеріп жіберіп, оның артындағы екі ер адамға пышақпен шабуыл жасаған.
Шабуылдан кейін қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиғаның жай-жапсары нақтыланып жатыр.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"